Сот қиыршық тас өңдеу зауытының жұмысын тоқтатты - Маңғыстау облысы
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының экология департаменті сотқа «Т» ЖШС қиыршық тас өңдеу зауытының жұмысын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы мен экологиялық рұқсат алғанға дейін тоқтату тұру туралы талап қою арызымен жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Т» ЖШС-не «Қ» кен орнында құрылыс тасын өндіру мақсатында уақытша пайдалану құқығымен (жалға) жер учакесі берілген.
Алайда, «Т» ЖШС-і экологиялық заннамалар мен талаптарды бұзып өз еркімен құрылыс тас пен қиыршық тас өңдеу зауытын іске қосқан.
Сот талап қою арызын қанағаттандырып, Т» ЖШС-нің қиыршық тас өңдеу зауытының жұмысын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы мен экологиялық рұқсат алғанға дейін тоқтатты.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.