Сот ҚР Білім және ғылым министрлігінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тексерісін заңсыз деп таныды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 18 маусымдағы шешімімен

Сот ҚР Білім және ғылым министрлігінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тексерісін заңсыз деп таныды

ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушы Мұрат Орынхановтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметін тексеру нәтижелері бойынша жасалған 2013 жылдың 26 сәуіріндегі ұсынысы заңсыз деп танылып, кері қайтарылды. Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Айта кетейік, бұдан бұрын, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылдың 24 мамырындағы шешімімен ҚР БҒМ-нің әрекеті - 2013 жылдың 7 ақпанындағы ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Саят Шаяхметовтың бұйрығы негізінде жүргізілген жоғарыда аталған тексеру жұмыстарын белгілеу және жүргізу дөрекі заң бұзушылықтарға байланысты заңсыз деп табылған болатын.

Осылайша, жүргізілген тексерулердің заңсыздығы университет мүддесіне сай дәлелденді.

ЖОО-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, соңғы екі жылда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бақылаушы және құқық қорғау мемлекеттік органдары 58 рет тексерген, оның 26-сы ҚР БҒМ-нің тарапынан жүргізілді.