Сот құрылыс компаниясын Астана әкімдігінің нұсқамасын орындауға міндеттеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының «S.» ЖШС-не қарсы арызы қаралды.

Строительство Строительный кран Многоэтажные дома Құрылыс Құрылыс краны Көп қабатты үйлер
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Белгілі болғандай, басқарма мамандары 2024 жылы 19-28 наурыз аралығында «S.» ЖШС құрылыс компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізген. 

Нәтижесінде актіде заңбұзушылықтар анықталған.

Басқарма анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берген:

— орындалған жұмыс сапасы туралы толыққанды қорытынды алу және нөсер құбырларының қату себебін анықтау үшін техникалық тексеру жүргізу арқылы жобада көзделген қыздыру кабелінің болмауы, құрамында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру саласында тиісті аттестатталған мамандары бар мамандандырылған ұйымды қатыстыра және оны әрі қарай жою үшін ұсынымдарды көрсете отырып, тексеру нәтижесі туралы актіде көрсетілген бұзушылықтарды жою;
— тұрақ орындарында 5, 6 кіреберіс жағынан белгі қою;
— тұрғын үй кешенінің сыртқы жағындағы төсеніштердің сәтсіздігін белгіленген тәртіппен жою.

«Алайда, жоғарыда аталған талаптар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындалмаған. Сот серіктестіктің жүргізілген техникалық тексеру нәтижесі бойынша техникалық қорытындыны алғанын, десе де техникалық қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындамағанын анықтады. Нұсқаулық талаптарының орындалғаны туралы дәлелдемелер сотқа ұсынылмады», — делінген Астана қалалық соты таратқан ресми ақпаратта.

Қазақстандағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 36-бабының 3-тармағына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдары берген нұсқаманы Қазақстан аумағындағы барлық құрылыс субъектiлері орындауға мiндеттi.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар