Сот Қытай премьеріне бәтеңке лақтырған студентті ақтады

ЛОНДОН. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Кембридж округтік соты Кембридж университетінде дәріс оқу кезінде Қытай премьері Вэнь Цзябаоға бәтеңке лақтырған неміс студентін ақтап шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. 2009 жылдың ақпан айында Германияның 27 жастағы азаматы Мартин Йанке басында ысқырып, кейін айқайлап қытай премьерінің дәрісін үзгенін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін хабарлаған болатын. «Бұл жанжал! Университет осындай диктатордың алдында неге еңкеюі керек?» деп айқайлаған студент сахнаға қарай бәтеңке лақтырған еді, абырой болғанда бәтеңке премьерге тимеді. Осы факті бойынша өткен екі күндік тыңдаудан кейін судья студенттің әрекетінен «адамның абыройына нұқсан келтіретін» ешқандай белгі таппаған көрінеді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум