Сот материалдары 60 жыл бойы құпия сақталады

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Норвегияның №1 лаңкесі Андерс Брейвикке қатысты сот материалдары 60 жыл бойы құпия сақталатын болды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Сот материалдары 60 жыл бойы құпия сақталады

Алайда, әділет органдары мұның себебін әзірге түсіндірмей отыр.  Сонымен қатар, айыпталушының сөзін теледидардан беруге тыйым салынған. Процестің өзі сәуірдің 16-да басталды. Брейвикке бүгінде Ослоның орталығында жарылыс жасап, Утойя аралында 77 адамды өлтірді деген айып тағылып отыр. Өз сөзіне қарағанда, терроршы сұмдық қылмысты 2006 жылдан бері жоспарлап жүрген. Ал былтырғы қантөгіске дайындалу үшін ол жұмысын бір жылға тоқтатыпты. Содан кейін адамдарға шабуыл жасау тәсілдеріне компьютерлік ойындардың көмегімен машықтанған. «Себебі, зорлық-зомбылық - мақсатқа жетудің басты құралы», - дейді атышулы лаңкес.