Сот министр Ж. Досқалиевті 10 тәулікке қамауға алу бұлтартпас шарасын санкциялады - Қаржы полициясы

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті 10 тәулікке қамауға алу бұлтартпас шарасын санкциялады. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
None
None

Бұған дейін күдіктінің тұрғын үйлер салуға жер телімдерін бергендігі үшін 2 пәтер және Қараөткел кентіндегі коттеджді алғандығын еске салған ресми өкіл: «Тергеу барысында Ж.Досқалиевтің пара ретінде тағы 6 пәтерді алғандығы анықталды. Олардың біреуін өзінің жақын туысына тіркеп, ал 5-еуін сатқан», деді.

Осыған орай, яғни аса ірі көлемді пара алғандығы үшін қозғалған қылмыстық іс аясында Қаржы полициясы қазанның 2-де күдіктіні қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдау туралы ұсыныс енгізген. «Ол прокуратура органдарының толық қолдауына ие болды. Сол күні Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Г.Былкилова Қаржы полициясы органдары ұсынған Досқалиевтің шынайы денсаулық жағдайы туралы бейнематериалдарды зерттеп, оның қызмет жағдайын пайдаланып, кез келген тергеу және өзге амалдарды жасау мүмкіндігі болмайтындай денсаулық жағдайының ауыр көрінісін жасау арқылы материалды сотта объективті қарауға және істі тергеуге бөгет жасаған деген қортындыға келді. Аталған мән-жайларды сот жеткілікті деп санап, Ж.Досқалиевке қатысты 10 тәулікке қамауға алу бұлтартпас шарасын санкциялады», деді ресми өкіл.

Оның айтуына қарағанда, күдіктінің ауруханада болуына әрі сот отырысына әкелінбеу себебінен бұлтарпау шарасы 10 тәулікке таңдалған. Аталған мерзім өткеннен кейін оған айып тағылып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 150-ші бабына сәйкес қамауға алу үшін сотқа ұсынылмақ. «Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне балйанысты жарияланбайды», деп түйіндеді сөзін М.Жұманбай.

Соңғы жаңалықтар