Сот өкіліне 40 мың теңге пара беруге мәжбүрлегені үшін 10 жылға сотталды
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада сот шешіміне ықпал ету мақсатында тұрғындардың бірін сот өкілдеріне 40 мың АҚШ долларын беруге мәжбүрлеген А.Баймұханов қылмыс үстінде қолға түсті.
Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Астана қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Ерлан Рахымбеков айтып берді.
Оның айтуынша, А.Баймұханов сот өкілдеріне аса ірі көлемде пара беруге мәжбүрледі, қылмыс жасауға итермеледі деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар елордада Астана қалалық сот әкімшілігінің бұрынғы сот орындаушысы С.Есентаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол екінші деңгейлі банктердің біріне төленуі тиісті қарыздары бойынша шара қолданбау үшін Ж. есімді азаматшадан 20 мың теңге пара алу кезінде қолға түскен.