Сот орындаушылары институтын құруды көздейтін заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

қпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылады,

Сот орындаушылары институтын құруды көздейтін заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған құжат бойынша елімізде орындаудың мемлекеттік жүйесімен қатар жеке сот орындаушылары институтын құру мақсаты көзделіп отыр. Бұл өндіріп алушыларға мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысына жүгінуді таңдау құқығын береді. Мамандардың пікірінше, жеке сот орындаушыларының институтын енгізу қосымша бюджет қаражаттарын жұмсамай-ақ орындаудың мемлекеттік жүйесінің жүгін жеңілдетуге мүмкіндік туғызады. Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау сот шешімдерінің орындалу сапасын арттырады және сот пен өзге де органдар актілерінің нақты әрі мүлтіксіз орындалуына жәрдемдеседі. Сондай-ақ жеке орындаушылық институтын енгізу бюджетке түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына сеп болады.

Құжатқа қатысты қос палата арасындағы келісім комиссиясы 14 ұстанымды талқылады. Бұлардың 5-еуін Сенат ұсынған, 19-ы бірлескен редакцияда қабылданды.