Сот орындаушысын таңдау мүмкіндігі бар – Әділет министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеке сот орындаушылар рейтингі» енгізілді. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот орындаушысын таңдау мүмкіндігі бар – Әділет министрі

«Жеке сот орындаушылар рейтингі» енгізілді. Енді өндіріп алушылардың онлайн режимде рейтингпен танысуға және сот орындаушысын таңдауға мүмкіндігі бар», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Оның сөзінше, рейтинг құжаттарды орындаудың статистикалық деректері, орындаушылық тәртіп, жеке сот орындаушысының жұмыс өтілі, сондай-ақ өндіріп алушылардың бағалауы негізінде автоматты түрде жасалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы негізінде «Әлеуметтік қор» құрылды.