Сот Павлодар облысының экс-әкімі Е.Арынды қамауға алу туралы санкция шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Cот Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынды 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Рауан Бейілғожин мәлім етті.

Сот Павлодар облысының экс-әкімі Е.Арынды қамауға алу туралы санкция шығарды

«Павлодар облыстық сотына кеше кешке материал келіп түсіп, сот аймақтың бұрынғы әкімін қамауға алу туралы санкция шығарды. Қамау мерзімі екі айға созылады», - деді ол.

Еске сала кетейік, 4 наурызда қаржы полициясының қызметкерлері Павлодар облысының бұрынғы басшысы Ерлан Арынға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Оған демеушiлерден аймақты абаттандыруға берiлген қаржыны жымқырды және iрi көлемде пара алды деген айып тағылды.