Сот прокурорлардың тұтқынға алу жөніндегі ұсыныстарының 94,2 пайызын қанағаттандырады - селекторлық мәжіліс
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Сот прокурорлардың тұтқынға алу жөніндегі ұсыныстарының 94,2 пайызын қанағаттандырып, тек 6 пайызын ғана қанағаттандырмайды.
Бұл мәліметтерді бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына байланысты жергілікті және өзге де сот өкілдерімен болған селекторлық мәжілісте Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров келтірді.
Оның деректерінше, қылмыстық істер бойынша республикада сот актілерінің 76,7 пайызы аппеляциялық жолмен қаралған. Ал өзге істердің шешіміне ешкім шағымданбаған. «Қамауға алуға санкция беру жөніндегі шараларға талап бұрынғысынша. Яғни мұндай істі барынша қысқа мерзімде қарап, санкция беруде кемшіліктерге жол берілмеуі керек. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған азаматтар қылмыстық жауаптан құтылмаулары тиіс. Соған қармастан, оларға қатысты берілетін санкция ақылға қонымды, әділетті, дұрыс болулары керек»,-деді Б.Бекназаров.