Сот С. Берлусконидің бұрынғы жұбайына айына 3 млн еуро көлемінде алимент төлеуін тоқтату туралы өтінішін қабылдамай тастады

РИМ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Миланның Апелляциялық соты Италияның экс-премьері С. Берлусконидің бұрынғы жұбайы Вероника Лариоға айына 3 млн еуро көлемінде алимент төлеуін тоқтату туралы өтінішін қабылдамай тастады.
None
None

Итальяндық БАҚ-тың хабарлауынша, апелляциялық сот С.Берлусконидің ажырасу ісі аяқталғаннан кейін қабылданған бірінші инстанция сотының шешімін орындауы және екінші әйеліне айына 3миллион еуро төлеп тұруы тиіс деген қаулы шығарды. Судья тек 2010 жылғы мамыр айынан қыркүйек айына дейінгі кезеңде В. Ларио Берлусконидің меншігіндегі Макериодағы виллада тұрған кезі үшін Италия Үкіметінің бұрынғы басшысын алимент төлеуден босатты.

Милан соты С.Берлускониді В.Лариоға айына 3 миллион еуро төлеуге 2012 жылғы желтоқсанда міндеттегенін еске саламыз. Осы жылдың наурыз айында Италияның экс-премьері соттың шешіміне қарсылық білдірді.

В. Лариомен С. Берлускони 1980 жылы танысқан, бұл Сильвионың екінші некесі болатын.

Соңғы жаңалықтар