Сот саласында жұмысын бастаған қызметкерлердің барлығы қазақ тілін толық меңгеруі шарт - Жоғарғы сот төрағасы

күйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековтің қатысуымен сот жүйесіндегі қызметкерлер мен судьялардың мемлекеттік тілді білуіне арналған республикалық конкурс өтіп жатыр,

Сот саласында жұмысын бастаған қызметкерлердің барлығы қазақ тілін толық меңгеруі шарт - Жоғарғы сот төрағасы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, арнайы шешім бойынша республикалық көлемде сот саласы мен сот әкімшілігінде арнайы байқау өткізілуде. Конкурс үш кезеңге арналып, ұйымдастырылды. Біріншісі, аудандық соттың көлемінде, ал екінші кезеңі облыстық деңгейде өтті.

Сондай-ақ бүгінгі өткізіліп отырған жарыстың қорытындысы республика көлемінде белгіленіп отыр. «Онда жеңімпаздардың мемлекеттік тілді меңгеруіндегі деңгейі анықталатынына тоқталған М. Әлімбеков «Бүгінгі қазақ тілі мемлекеттік тіл болып белгіленіп отырған жағдайда біз баршамыз бір кісідей атсалысып, тіл мәселесіне аса зор көңіл бөлуіміз керек. Өйткені біздің ұлттық ерекшелігіміздің айқын белгісі - ол өзіміздің ана тіліміз. Сот саласында жұмысын бастаған қызметкерлердің барлығы өз мемлекеттік тілін толық меңгеруі шарт», деді.

Сайыс талаптары бойынша үміткерлерді сынау барысында олардың сөйлеу мәнері ескерілетін болады. Байқауда қатысушылар қазақтың билік ету өнері мен дәстүрі туралы 5 мақал-мәтел айтудан немесе билердің айтқан шешімдерін мәнерлеп қысқаша айтып беруден сынға түседі.  Сондай-ақ екінші тур қазақ тілі грамматикасын білу сайысына арналады. Үшінші тур құжаттарды жазып аудару және ілеспе аудару сайысына, ал төртіншісі сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі қойылатын талаптар сыналатын болады.