Сот саласының басшысы құрметті атаққа ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен Семей қаласы мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы К. Мұқашев «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Сот саласының басшысы құрметті атаққа ие болды

Облыс әкімі Д. Ахметов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында марапат иесін құрметті атағымен құттықтап, қызметіне алдағы уақытта да жетістік тіледі.