Сот Саркозиді алты ай бас бостандығынан айыру жазасына кесті
АСТАНА. KAZINFORM - Париж апелляциялық соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді 2012 жылы оның сайлауалды науқанын қаржыландыру ісі бойынша алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл туралы LCI телеарнасы мәлімдеді.
Бұдан басқа, ол тағы алты ай шартты түрде қамауға алу жазасын алды.