Сот шешімімен Қазинвестбанк таратылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазинвестбанк» АҚ мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі өз күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«24 қаңтар күні Алматы қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Қазинвестбанк» АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату (тарату) туралы заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, «Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғаларының депозиттері 100% «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ға берілді.
«Қазинвестбанк» АҚ қызметін тоқтап, активтері мен міндеттемелері «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ға берілген күннен соң, жеке тұлғалардың шоттарына түскен қаражат бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ға (ҚДКБҚ) міндеттеме жүктеледі. Аталған міндеттемелердің жалпы сомасы шамамен 2 миллион теңгені құрайды, өтемақы алуға құқығы бар салымшылар саны - 70. Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатымен жүзеге асырылады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы - 568,6 миллиард теңге.
ҚДКБҚ банк-агенттің атауын, төлем егжей-тегжейлігі мен мерзімін агент банкпен немесе «Қазпошта» АҚ келісімге келуі бойынша жариялайды. Еске сала кетсек, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасы - 10 миллион теңгені, шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теңгені құрайды.