Сот Tengri Bank қатысты қылмыстық істі үшінші рет прокуратураға қайтарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Tengri Bank ісі үшінші рет прокуратураға қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот Tengri Bank қатысты қылмыстық істі үшінші рет прокуратураға қайтарды

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық соты қылмыстық істі қайтадан прокуратураға қосымша тергеуге қайтарды. Ал бұл 23,5 миллиард теңгені жымқыру ісі прокуратураға қайтарылған үшінші жағдай.

Еске сала кетсек былтыр Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі лицензиясынан айырған болатын.

Кейін Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды.

Сонымен қатар Tengri Bank салымшыларына 10,7 млрд теңге төленді.