Сот тілі қазақша сөйлемей тұр - «Егемен Қазақстанға» шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқырмандар назарына «Егемен Қазақстан» газетінің 25 желтоқсандағы санына шолуды ұсынамыз.
None
None

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі саны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл қорытындысы бойынша отандық БАҚ өкілдеріне сұхбат беруінен басталады. Сондай-ақ бас басылымның бірінші бетінен шет мемлекет басшыларынан Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай жіберген құттықтауларын оқи аласыздар.

Бүгінгі нөмірдегі «Спорт» бетінде тілші Әли Битөренің боксшы Батыржан Жүкембаевпен сұхбаты жарияланған. Сонымен қатар бұл беттен Ермұхамед Мәуленнің «Алаңда ойнамайтын легионерлер кімге керек?» атты проблемалық мақаласын оқи аласыздар. «Егеменнің» бүгінгі санында сондай-ақ журналист Қыдырбек Рысбектің волейболшы Жәнібек Сауранбаев туралы «Әлемдік волейболдың серкесі» атты мақаласы жарияланған.

Руханият бетінде Асқар Тұрапбайұлының «Сот тілі қазақша сөйлемей тұр..» деген мақаласы жарияланған. Онда Ақмола облысы бойынша сот ісінің қазақ тілінде өте аз жүргізілетіні туралы жазылып, «Мемлекеттік тілдің сот төрелігі саласындағы кеңістіктері мен кедергілері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел туралы айтылған.

«Егеменнің» бүгінгі санында жарияланған газет шолушысы Анар Төлеуханның «Қытай мануфактурасын қашанғы қолдаймыз?» атты мақаласын ерекше атап өтуге болады. Онда қазақ халқының әлі күнге той-томалақтарда ысырапшылдыққа бой алдыратыны, тіпті, Қытай мен Түркияда сол үшін арнайы тауарлар өндірілетіні туралы мәселе көтерілген. Автор мақалада Маңғыстау облысының көтерген бастамасын қолдайтынын жеткізген.

Бас басылымның бүгінгі санында жарияланған Әсел Мұқанованың «Ақылды, цифрлы, жайлы өмірге ұмтылу керек», Нұрғали Ораздың «Қазақстан-Түркия: Ширек ғасыр шежіресі», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жұмагүл Солтиеваның Фариза Оңғарсынова туралы жазылған «Еркесі болдың елімнің» атты мақалалары да көпшіліктің көңілінен шығары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар