Сот түрік полицейін 600 ағаш отырғызуға міндеттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік соты жергілікті полицейді 1913 жылы болған жаппай қарсылық акциясы кезінде көзден жас ағызатын газды негізсіз пайдаланғандығына байланысты жаза ретінде 600 ағаш отырғызуға міндеттеді, деп хабарлайды Би-би-си.
Сотталушы қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып шеруге қатысқан қыздың денсаулығына әдейі нұқсан келтірді деп айыпталды. Сот алдымен полицейді 20 ай мерзімге қамау туралы үкім қабылдаған, бірақ артынан жазаны осылай ауыстырды.