Сот залында айыпталушыларды өртеген 10 адам ұсталды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Нарын облысының ІІБ қызметкерлері сот залында кісі өлтірмек болды деген күдікпен 10 адамды ұстады.

Сот залында айыпталушыларды өртеген 10 адам ұсталды

Бұл оқиға 20 ақпан күні болған. Джумгал аудандық сотында сот процесінде зардап шегуші жақтың өкілдері тордың ар жағында отырған үш сотталушы милиционерге бензин құйылған бөтелке лақтырып, жағып жіберген. Артынша басқаруға көнбеген топ айыпталушыларды соққыға жыққан.

Салдарынан милиционерлердің бірі бетінен және қолынан күйік жарақатын алған. Аталған топ сот залындағы тәртіпті қадағалаушы милиция қызметкерлерінің қолынан үшінші сотталушыны да тартып әкеткен. Оны қала сыртына алып шығып, ұрып-соққаннан кейін Джумгал өзенінің маңына лақтырып кеткен.

Жексенбі және дүйсенбі күндері ІІМ органдары қастандық жасап, өрт шығарғаны және ұрып-соққаныүшін Нарын облысының Джумгал ауданында 10 адамды қолға түсірді. Аталған факті бойынша «Қастандық жасағаны үшін», «Сот төрелігін жасауға кедергі келтіргені үшін», «Билік өкіліне қатысты күш көрсеткені үшін» және «Қасақана жою және мүлікті зақымдау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.