09:43, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Сот жюриінің жаңа құрамы сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында Сот жюриінің жаңа құрамы сайланды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 38-1-бабына сәйкес, Сот жюриі жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау, судьяның отставкаға шығу және оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін құрылады.
Жалпы, отырыста Сот жюриінің төрағасы болып, Жоғарғы Сот судьясы М.С. Шегенов сайланды.