Sotheby's ең ірі қызғылт түсті бриллиантты саудаға шығарады

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Sotheby's ең ірі қызғылт түсті бриллиантты 13 қарашада Женевадағы бәссаудаға шығарады, деп хабарлады Орыс жаңалықтар қызметі.

Sotheby's ең ірі қызғылт түсті бриллиантты саудаға шығарады

Pink Star деп аталатын қымбат асыл тас 59,5 караттан астам салмақ тартады. Ол әлемдегі ең ірі қызғылт бриллиант деп саналады. Pink Star алғаш рет 2003 жылы Монакода көрмеге қойылған болатын. 2007 жылдан бері ол жеке коллекцияда болды.

Bloomberg агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, бриллианттың күтіліп отырған бәсі - 60 миллион доллар болмақ.. Егер сауда ойдағыдай өтсе, ол бәссаудада сатып алынған ең қымбат асыл тас болмақ.

Әзірге 2010 жылы Sotheby's бәссаудасында 46 миллион 200 мың долларға сатылған 24,78 караттық Graff Pink қызғылт ббриллианты рекордтық көрсеткіш болып отыр.