Sotheby's және Christie's аукцион үйлері тарихтағы ең табысты сауда-саттық өткізбек
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Sotheby's және Christie's аукцион үйлері тарихтағы ең табысты сауда-саттық өткізуге әзірленуде, деп хабарлады Лента.ру.
Sotheby's кемінде ширек миллиард доллар олжаға кенелмек. Аукционның інжу-маржаны - норвег суретшісі Эдвард Мунктың «Айқай-шу» циклындағы картинасы. Онң жақтауында автордың қолтаңбасы бар. Бағалау құны - 80 миллион доллар. Оның иесі - кәсіпкер. Кезінде әкесі Мункпен достық байланыста болған. Енді ол аукционнан түскен табысқа суретшінің мұражайын ашу ниетінде.
Ал Christie's қызметкерлері импрессионистер жұмысының бай жиынтығын саудаға шығарғалы отыр. Поль Сезанның «Карта ойнаушылар» сериясындағы жұмыстарын өнерсүйер қауым ХХ ғасырдың ортасынан бері көрмеген. Ондаған жылдар бойы бұл картина жеке коллекцияларда сақталып келген, тіпті білем деушілердің өзі полотно иесі сату ниетін жариялағанша оның бар екенін білмепті. Енді акварельмен салынған сурет 20 миллион долларға бағаланып отыр.