10:36, 12 Шілде 2013 | GMT +5
Сотқа дейінгі өндірісте прокурорлардың араласуымен заңсыз ұсталған 1 мыңға жуық азамат босатылды
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысына арналған алқа мәжілісте
ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев осы аралықта прокурорлардың араласуымен заңсыз ұсталған 1 мыңға жуық азамат босатылғанын мәлім етті.
«Сотқа дейінгі өндірісте прокурорлардың араласуымен заңсыз ұсталған 1 мыңға жуық азамат босатылды. 343 заңсыз жедел-іздестіру шаралары тоқтатылды»,-деді Бас прокурор.
Оның сөзіне қарағанда, арнайы прокурорлардың өндірісінде 250 қиын, резонансты және өзекті қылмыстық істер болып, оның 69-ы сотқа жіберілді.