Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуге бағытталған заң қабылданды

/strong>-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша  келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары қабылданды.
None
None

 Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған құжат күдікті азаматқа қатысты нақты айғақтары бар аса ауыр емес қылмыстар бойынша іс жүргізудің сотқа дейінгі рәсімін оңайлатуға бағытталған. Қазіргі таңда алдын ала анықтау мен тергеу барлық қылмыстарға қатысты жүргізіледі. Өйткені қолданыстағы тергеу рәсімі кеңестік жүйенің тәртібін сақтап қалған. Соның салдарынан қазір қылмыстық үдеріске қатысушы азаматтар ішкі істер және өзге де органдарға бірнеше рет шақырылады және оларға қатысты көптеген тергеу әрекеттері жүргізіледі. Учаскелік инспекторлар мен тергеушілер, анықтаушылар одан соң сот өкілдері барлығы да жауап алады. Нәтижесінде жеңіл қылмыстық іске қатысты күдікті өзінің кінәсін мойындап, қажетті деректер жеткілікті болса да бірнеше ай бойы тергеледі.

 Осыған орай, жаңа заң жобасы бойынша аса ауыр емес қылмыстар бойынша тиісті материалдарды соттың қарауына айналасы 10 күннің шамасында жіберу көзделеді. Ал сот  өз кезегінде прокурор мен адвокаттың және басқа да осы үдеріске қатысушылардың араласуымен берілген материалдарды аз ғана уақыт  ішінде қарастырып, күдіктінің кінәсі мен жазасын белгілейді. Сөйтіп, бір жағынан ауыр емес қылмыстарды тергеудің мерзімі қысқарып, жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қойылады.

Келісім комиссиясының қарауына 5 ұсыныс шығарылған болатын. Бұлардың 1-еуі бірлескен редакцияда, қалған 4-еуі Сенат редакциясында қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар