Сотта алқабидің ауысуы Конституцияға қаншалықты сай екені тексеріледі
АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық сот алқабилердің сот отырысына қатысу шарттарының Конституцияға сәйкестігін тексереді.
Конституциялық сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 645-бабының төртінші және алтыншы бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін іс жүргізуге қабылдады.
Даулы нормаларға сәйкес, егер алқабилердiң қайсыбiреуiнiң сот отырысына қатысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы кеңесу бөлмесiне кеткеннен кейiн анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кiрiп, алқабидi қосалқы алқабимен ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесiне кетуге тиiс.
Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі болмаса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
Алқабидi шеттету төрағалық етушi тараптардың қатысуымен жүзеге асады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады.
Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындысы туралы ақпарат Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланады.