Сотта қаралатын істерді барынша азайту қажет - Елбасы
А. Қарашаны 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда қазақстандық соттарда қаралатын істерді барынша азайту қажет.
Бұл туралы бүгін Астанада басталған ҚР судьяларының V съезінің ашылу рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Н. Назарбаев дау-дамайларды шешудің альтернативті жолын, яғни екіжақты ымыраға келтіруді қолға алуды ұсынды. «Бұл сот билігінің қалпына келтіру сипатын жандандыра алады», деді Президент.
Сондай-ақ Елбасы отандық сот жүйесінде электрондық үкіметтің технологияларын кеңінен қолдану қажет деп санайды. Себебі, бұның арқасында сот билігінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге болады.