Сотталғандар арасында шахматтан халықаралық турнир өтіп жатыр
ЕРЕВАН. Арменпресс-ҚазАқпарат – Арменияда сотталғандар арасында шахматтан халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.
5 тамыз күні Армения Республикасы Әділет министрлігінің «Армавир» қылмыстық-атқару мекемесінде АҚШ-тың бастамасымен шахматтан сотталғандар арасында ұйымдастырылған халықаралық онлайн-турнирдің бірінші раунды өтті. Турнирге 7 елдің - Бразилия, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Беларусь және Армения өкілдері қатысуда.
Агенттіктің мәліметінше, ойындарға Армения Шахмат академиясының негізін қалаушы гроссмейстер Смбат Лпутян және халықаралық дәрежедегі төреші Норайр Калантарян бақылаушы болған.
Бүгін командалық жарыстардың финалы өтпек.