Сотталғандар ауыр науқастанған қыз балаға қымбат бағалы операция жасауға материалдық көмек көрсетті

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында сотталғандар ауыр науқастанған қыз балаға шетелде қымбат бағалы операция жасауға материалдық көмек көрсетті, деп хабарлады аймақтың ҚАЖ департаментінен.
None
None

АК-159/18 (Қарағанды облысы, Қарабас кенті) тәрбие жұмысы жөніндегі колония бастығының орынбасары Вилорий Кимнің айтуынша, жақын күндерде облыстық телеарналардың бірінде анасының қызына операция жасауға көрермендерден қолдан келерлік көмек көрсетуді өтінген бейнесюжет көрсетілген. Кішкентай Ангелинаға шетелде ғана жасалатын қымбат бағалы операция қажет.

Көмек көрсету туралы өтініш АК-159/18 мекемесіндегі сотталғандарды да бейжай қалдырмады. Олар өз жинақ ақшаларын телебағдарламада көрсетілген есепшотқа аударды. «Аталған адамгершілік іс-әрекет темір тордағылардың жүрегінде де осындай қайырымдылық пен аяушылық сияқты адамдық қасиеттер бар екенінің жарқын көрінісі болып табылады. Мекеменің әкімшілігі оны тек қана еркін ерік пен қайырымдылықтың нышаны деп қана емес, сонымен қатар олардың түзеле бастауының дәлелі ретінде бағалайды», - деді өз әңгімесінде В.Ким.

Соңғы жаңалықтар