Сотталғандар мен тергеуде-тұтқында отырғандардың құқықтары сқаталуда - Алматы қаласы Қоғамдық байқау комиссиясы

АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері алматы қаласындағы тергеу абақтысында болды,

Сотталғандар мен тергеуде-тұтқында отырғандардың құқықтары сқаталуда - Алматы қаласы Қоғамдық байқау комиссиясы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық-атқару жүйесі осы мекемесінің хабарлауынша, Қоғамдық байқау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбілова сапар барысында сотталған және тергеуде-тұтқында отырған адамдарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Бұл шара ОSI (Ашық қоғам институты) жобасын жүзеге асыру ауқымында өтті, оған сәйкес Қоғамдық байқау комиссиясы бас бостандығынан айыру орындарында адам құқықтарының сақталуына ұдайы мониторинг жүргізіп отырады.

Құқық қорғаушылардың бүгінгі кездесуінің нәтижелері бойынша  мекеме әкімшілігінің атына сотталғандардан және тергеуде-тұтқында отырғандардан шағым түскен жоқ, деп атап өтілген БАҚ-қа арналған ақпаратта.