Сотталғандардың 80 пайызынан астамы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар болып отыр

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Республика бойынша сотталғандардың 80 пайызынан астамы - ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағаттында ҚР Әділет министрі Зағипа Бәлиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2009 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша республикамыздың түзеу мекемелерінде жалпы саны 58 мың 692 қылмыскер жазасын өтеуде. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2 мың 600 адамға көп. Сонымен бірге, түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың 80 пайызынан астамы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуде. Яғни, бұлардың басым бөлігі адам өлтіргені, тонау мен қарақшылық секілді ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар болып табылады», - деді З. Бәлиева. Министрдің айтуынша, өткен жылы қылмыстық атқару жүйесіндегі оперативтік жағдай күрделі болды, бірақ бақылаудан шыққан жоқ. Қамтылған шаралар нәтижесінде қылмыскерлердің жаппай бойұсынбау мен кепілге алу әрекеттерінің жолы кесілген. «Сотталғандардың саны 2,5 мың адамға артқанына қарамастан түзеу мекемелерінде орын алатын қылмыстар 11 пайызға дейін төмендетілді. Мәселен, өткен жылы қылмыстық атқару мекемелерінен қашу мен жазадан бұлтару оқиғаларының көрсеткіші біршама азайды», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар