Сотталғандардың мемлекет алдындағы қарызы 17 млрд. теңгеден астам - А.Дауылбаев
«Бүгінде түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың қарызы 29 млрд. теңгеден асты, соның ішінде мемлекетке17 млрд. теңгеден астам қарыз. Олардың тек 1% немесе 264 млн. теңгесі ғана өтелді, ал мемлекетке - 55 млн. теңге төленді», - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі индустриялық-инновациялық экономикасы, шағын және орта бизнесті дамыту жағдайында еңбек адамы аса қажет.
«Сондықтан сотталушы жазасын өтеу кезінде бұрынғы тәжірибесін жоғалтпай, жаңа мамандық иеленіп шықса, еш қиындықсыз қоғаммен араласып кете алады. Бостандыққа шыққан кезде шотында алғашқы қадамдарына арналған қаражаты да жиналып тұрады», - деді Бас покурор.
А.Дауылбаевтың айтуынша, бүгінде колонияларда сотталғандардың еңбекке жарамдыларының тек 49%ы жұмыспен қамтылған ( 27,2 мыңның 3,5 мыңы). Ал бұл жалпы жазасын өтеушілердің 30% ғана (43 500 сотталушы). Оның үстіне Бас прокурордың айтуынша, 1987 жылдан бері түзеу мекемелеріндегі өндіріс құралдары жаңартылмаған. Бүгінде құрылғылардың 59%ы әбден ескірген, 25,85%ы істен шыққан. Соның кесірінен шығарылған тауардың 40%ы бәсекеге қабілетсіз.
Айта кетейік, форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов, Парламент депутаттары және басқа да меморган өкілдері қатысуда.