Сотталушыға ұялы телефон жеткізу үшін түрме қызметкерлеріне пара ұсынылған

АСТАНА.  Қарашаның   4-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -  Қарағанды  облысында  жылдың басынан бері  азаматтық тұлғалардың     қылмыстық-атқару  жүйесі  қызметкерлеріне пара  берудің  он төртінші    оқиғасы  тіркелді, 
None
None

 деп  хабарлады   Әділет  министрлігі   Қылмыстық-атқару  жүйесі  комитетінің баспасөз қызметінен.

Ең соңғы  оқиғаның ерекшелігі сол,    аймақтың  түзету мекемелерінің бірінің  қызметкеріне      ұсынылған  ақша   үлкен  соманы құраған  - 150 мың теңге  сотталушыға     ұялы  телефонды заңсыз   жеткізу үшін берілмек болған.  Қылмыстық   із кесу  органдарының  қызметкерлері       кеншілер  өлкесінің екі  тұрғынын пара  беру  үстінде   ұстады. 

Бұл  факті  бойынша    материалдар    Қарағанды  облыстық  ішкі істер  департаментіне  жіберілді.    Өз    міндеттерін     адал  және  сапалы атқарғаны    үшін   қылмыстық-атқару  жүйесінің  қызметкері   ынталандыруға ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар