Сотталушының сақалы сот процесін кейінге қалдырды
Астана. 17 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-та бұрынғы әскери психиатрдың үстінен жүріп жатқан сот оның сақалына байланысты кейінге қалдырылды.
Құқық қорғаушылар күдіктіні 13 адамды өлтірді деп айыптауда. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.
Нидал Хасанның қорғаушысы айыпталушының сақалы ол ұстанатын ислам дінінің символы екенін айтып отыр. Алайда, әскер тәртібі бойынша сақал қоюға тиым салынған. Ал сот өкілдерінің пікірінше, күдіктінің сақалы куәгерлердің оны тануына кедергі келтіреді екен.
41 жастағы майор Хасанға 2009 жылы Техас штатындағы Форт-Худе әскери базасында 13 жауынгерді атып өлтірді деген айып тағылғандығын айта кетейік. Бұл АҚШ-тың әскеріндегі ең қанды оқиғалардың бірі. Егер Хасан өз кінәсін мойындаса ол өлім жазасына кесілетін болады.
Күдіктінің үстінен жүріп жатқан сот процесі осымен бірнеше рет кейінге қалдырылды. Хасан сотқа маусым айынан бастап сақал қойып келе бастаған еді. Осы аптаның сәрсенбісінде айыпталушы өзінің кінәлі, не кінәлі еместігін мәлімдеп, сот алдында жауап беруі тиіс болатын. Ал, дүйсеніде әскери трибуналдың отырысы басталуы керек еді. Алайда, қазір барлық сот жұмыстары тоқтап, әскери апелляциялық сот оның сақалына байланысты мәселені қарап жатыр.
Майордың қорғаушысының айтуынша, Нидал Хасан бүгінде өзінің өлетінін алдын ала сезіп, «о дүниеге» сақалсыз аттанбауға бел байлапты. Оның сақалын күшпен қырып тастау құқығын бұзу болап табылады дейді қорғаушы.
Айта кетейік, Хасан Форт-Худтағы оқиға кезінде полицейлермен атысып, жараланған болатын. Салдарынан күдіктінің екі аяғы бірдей жұмыс істемей қалып, ол мүгедек болып қалған. Қазір ол абақтының ауруханасында жатыр.