Соттар кейбір бала асырап алушылардың өтінішін Конституцияға қайшы нормаға сүйеніп, қараусыз қалдырған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соттар кейбір бала асырап алушылардың өтінішін Конституцияға қайшы нормаға сүйеніп, қараусыз қалдырып келген. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова Парламенттің бірлескен отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқық қолдану практикасы көрсетіп отырғандай, бекітілген тетіктер осы конституциялық құқықты әрдайым толыққанды іске асыруға мүмкіндік бермейді», - деген Конституциялық сот төрағасы нақты мысалдар келтірді.

«Атап айтқанда, Конституциялық сот азамат сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж мөлшері ақылға қонымды, негізделген және мөлшерлес болуға тиіс деп атап өтті. Сондай-ақ, оңайлатылған тәртіппен бала асырап алу туралы сотқа арыз берген кезде молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысы болу міндеттілігі туралы қосымша императивтік талап конституциялық емес деп танылды. Соттар үшін мұндай қорытындының болмауы азаматтың арызын қараусыз қалдыруға негіз болған. Рәсім мемлекеттік органдар мен соттардың бала мүдделерін барынша қамтамасыз ету міндетіне сәйкес келмейді. Бұл – Қазақстан ратификациялаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясының талабы», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар