13:01, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Соттардың жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаруға барлық мүмкіндік бар - Жоғарғы сот төрағасы
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров жұмыс сапарымен астаналық сотта болды,

деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сапар барысында Жоғарғы сот төрағасы судьялармен кеңес өткізді. Өз сөзінде Бектас Бекназаров Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің қазіргі ахуалына тоқтала келе, сот жүйесінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алдағы мақсаттары мен жоспарларымен, қоғам тарапынан соттарға сенімді арттыруды дамыту бойынша атқарылар шаралар жайлы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, Бектас Бекназаров астаналық сотта соттардың жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығара алатын барлық мүмкіндіктер мен үлкен кадрлық әлеует бар екендігін де атап өтті.