«Soyle.kz» порталы фотобайқау ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Soyle.kz»-мен бірге қазақша үйренеміз» атты фотобайқау жариялап отыр. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Байқаудың мақсаты - қазақстандықтарды мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру. Ең үздік фотосуреттер www.soyle.kz интернет-порталының басқы бетіне қойылады. Байқау талаптары бойынша қатысушылар порталдың презентациялық бөлігіне иллюстрация ретінде қоюға өз фотосуреттерін жіберуі тиіс. Байқау туралы қосымша ақпаратпен Soyle.kz порталында, Қордың ресми сайтында - qazaq-found.kz , ВКонтакте - vk.com/soyle_kz және Facebook прақшаларында - on.fb.me/1mIhFZR танысуға болады. Жеңімпаздарға белгілі жазушылардың қазақ тіліндегі аудиокітаптары сыйлыққа тартылады.

Фотосуреттер 2014 жылдың 1 мамырынан 1шілдесіне дейін қабылданады.

Айта кетейік, өткен жылдың аяғында Қор Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін «SOYLE.KZ» порталын іске қосқан болатын. Ашылғалы төрт айдың ішінде порталмен еліміз бен алыс-жақын шетелдерден 70 мыңнан астам адам танысып, 8 000-ға жуық пайдаланушылар тіркеліп, қазақша үйренуге кірісті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум