«Soyle.kz» порталының мобильдік қосымшасы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz порталының IOS платформасындағы мобильдік қосымшасы мен патриоттық тақырыптарға арналған басқа да қосымшалардың тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

Мобильді қосымшалар қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, жастар арасында IT-білімдерін қалыптасыру мақсатында жасалған.
«Жаңа отандық ІТ-өнімдер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудегі қойылған міндеттерге толығымен сай келеді»,-деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.
Бұл өткен жылы Елбасының тілге қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін Қорға берген қаржысына ашылған Abaialemi.kz  онлайн-энциклопедиясының, Tattialma.kz  балалар әдеби сайтының мобильді қосымшалары. Сондай-ақ, «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Қазақстанның мерекелері» және тұңғыш отандық зияткерлік ойыны - «Кім білгіш?» атты қосымшалар да қамтылып отыр.
Сонымен қатар, кор Soyle.kz порталының жаңартылған және жаңа бөлімдермен толықтырылған нұсқасымен таныстырды. Сайттың дизайны технологиялық тұрғыдан бүгінгі заман талаптарына сай өзгертілген.
Sozdik.soyle.kz , «Сайттар каталогы», «Мақал-мәтелдер», «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар», «Бүгінгі күннің сөзі», «Іс-шаралар афишасы» секілді жаңа бөлімдер жасалған.

Соңғы жаңалықтар