Сойлыбаев WBC рейтінгінде ТОП-25-ке кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (11-0, 4 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінде өз жағдайын жақсартты, деп хабарлады Sports.kz.
Жаңартылған рейтингте ол 25-ші орында.
Еске салсақ, 29 сәуірде Сойлыбаев венесуэлалық Самуэль Гонсалесті (13-5, 9 КО) жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBC International тұжырымы бойынша әлем чемпионы бос титулын жеңіп алды.
Бекманның келесі қарсыласы WBC International Silver титулының иегері аргентиналық боксшы Орасио Альфредо Кабраль (18-1, 8 КО) болады деп күтілуде.