«Союз-2.1а/Фрегат» зымыран тасығышы бүгін түнде Байқоңырдан ұшырылады

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Алты «Глобалстар - 2» байланыс серігі орнатылған «Союз-2.1а/Фрегат» зымыран тасығышын бүгін Мәскеу уақытымен сағат 21:10-да Байқоңырдан ұшыру жоспарланып отыр,

«Союз-2.1а/Фрегат» зымыран тасығышы бүгін түнде Байқоңырдан ұшырылады

деп хабарлайды Ресейдің федералдық ғарыш агенттігіне сілтеме жасаған РБК.

«Фрегат» жеделдету блогы мен «Глобалстар-2» аталатын ұялы коммуникациялық байланыстың алты ғарыштық аппараты орнатылған «Союз-2.1а» зымыран тасығышын қазанның 19-ында Мәскеу уақытымен кешкі сағат 21.10-да ұшыру жоспарланған», - делінген хабарламада.

Қазанның 18-інде, Ресғарыш кәсіпорнының мамандары Мәскеу уақытымен 8.00-ден бастап ұшыру күні бағдарламасы бойынша Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші ұшыру кешені алаңында дайындық жұмыстарын жүргізген.

Бұдан басқа, мемлекеттік комисия сынақ қорытындысына байланысты үш күн бойына зымыран тасығышқа май құюдың және оны ұшырудың дайындық сапасын пысықтады.