«Союз» аппараты Қазақстан даласына қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Союз ТМА-14М» ғарыш кемесінің аппараты қайтып оралуы межеленген мерзімде Қазақстан жеріне қонды. Оның бортында ХҒС экипажының үш мүшесі, ресейлік: Александр Самокутяев, Елена Серова және NASA ғарышкері - Барри Уилмор бар.
Қысқа толқын дабылын қабылдаған құтқару қызметінің ұшағы капсуланың қону аумағын ыңғайлады.
Аппарат жоспарланған ауданға қонды. Нақтырақ айтқанда, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтыққа түсті, деп хабарлады ТАСС . Аппарат қонған жерде іздестіру-құтқару тобы қызмет етті.