«Союз» ғарыш кемесі кешіктіріліп ұшырылуы мүмкін

АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Тасымалдау кезінде зақымданған «Союз» ғарыш кемесін ұшыру сапары ең әрі кеткенде 10 күнге шегерілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Ресейғарыш» агенттігінің басшысы Анатолий Перминов мәлім етті,

«Союз» ғарыш  кемесі кешіктіріліп ұшырылуы мүмкін

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

«Союз» кемесі «Байқоңыр» ғарыш айлағына тасымалдану кезінде зақымданған болатын - тасымалдау ережелерінің бұзылуы салдарынан кеменің екі құрамдас бөлігі орындарынан 2 мм қозғалып кеткен еді. Оқиғаның салдары қазір анықталуда, бірақ бұл оқиға Халықаралық ғарыш стансасына кемелерді ұшырудың жалпы режиміне кедергі келтірмейді, дейді ғалымдар.