«Союз» ХҒС-пен сәтті түйісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында халықаралық экипажы бар Ресей «Союз ТМА-14М» кемесі ХҒС-пен сәтті түйісті.

«Союз» ХҒС-пен сәтті түйісті

Корабль «Поиск» модулінің түйісу торабына автоматтық режімде қонды, - деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Ғарыш кемесіндегі күн батареяларының бірінің ашылмауы оның қонуына кедергі келтірген жоқ. «Союздың» келуімен ХҒС-тың экипажы алты адамға көбейді. Александр Самокутяев, Елена Серова мен Барри Уилморды бортта Максим Сураев, Грегори Уайсмен мен Александр Герст қарсы алды. Түйіскен «Союз» бен ХҒС арасындағы люктар шамамен екі-үш сағаттан ашылады.