«Союз МС-02»-нің Байқоңырдан ұшырылатын болжамды мерзімі аталды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Союз МС-02» басқарылатын көлік кемесінің ұшырылымын 2016 жылдың 19 қазанына белгілеу жоспарлануда.

«Союз МС-02»-нің Байқоңырдан ұшырылатын болжамды мерзімі аталды

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетіне Ресейдің Ғарыш агенттігінен хабарлады.

2016 жылдың соңына дейін жоспарланған басқарылатын «Союз МС-02», «Союз МС-03» кемелерін және «Прогресс МС-04»  ғарыш жүк кемесін Халықаралық ғарыш стансысына (ХҒС) ұшырудың нақты датасы мемлекеттік комиссия жұмысы аяқталған соң, бірнеше күнде белгілі болады, деп мәлімдеді Байқоңырдағы дереккөз.

Бұған дейін хабарланғандай, «Союз МС-02» кемесінің ұшырылуы кейінге қалдырылғандықтан Байқоңырдан ХҒС-қа ұшырылым кестесі қайта түзетілді.