«Союз МС-06» экипажы Жерге қайтуға дайындалып жатыр
28 ақпан күні таңертең құрамында АҚШ астронавтары Марк Ванде, Джозеф Акаба және ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин бар «Союз МС-06» тасмалдаушы кемесі жерге қонады деп күтілуде.
Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 ақпан күні ХҒС-да командирлердің кілт алмасу рәсімі өткізілді.
Салтанатты рәсімнен кейін NASA астронавты Скотт Тингл бір экспедиция аяқталып, екіншісі басталар алдындағы байырғы теңізшілер салтымен қоңырау сыңғырлатты. Орбитадағы қызметті ары қарай америкалық Скотт Тингл, жапон ғарышкері Норишиге Канаи және ресейлік Антон Шкаплеров жалғастырады.
Жерге түсіру аппараты атмосфераға жергілікті уақытпен 05:09 да кіреді деп жоспарланған. «Союз МС-06» капсуласы қазақ даласына Астана уақытымен 08 сағат 31 минутта қонбақ.
Халықаралық экипажды Қазақстанның төтенше жағдайлар және Ресейдің іздеу-құтқару қызметкерлері қарсы алады.