«Союз МС-07» Жезқазған маңына қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортында үш экипаж мүшесі бар  «Союз МС-07»  ғарыш кемесі Қазақстанда Жезқазған қаласы маңындағы далаға қонды. Бұл туралы жексенбі күні журналистерге  Подмосковьедегі  Аэроғарыштық зерттеу орталығында мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Союз МС-07» Жезқазған маңына қонды

«Бортында Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және жапон аэроғарыштық зерттеу агенттігінің астронавты Норисигэ Канаи бар жерге қонушы аппарат  мәскеу уақытымен  15:39-да қонды», - деді аталмыш зерттеу орталығының өкілі.