13:11, 19 Желтоқсан 2018 | GMT +5
«Союз МС-09» кемесі Жерге оралуға дайындалып жатыр
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Ертең, 2018 жылдың 20 желтоқсанында құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, еуропалық астронавт Александер Герст пен америкалық астронавт Серена Ауньон-Ченселлор бар ХҒС экспедициясы Жерге оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске салайық, бұл экипаж халықаралық ғарыш стансасында 2018 жылдың 6 маусымынан бері жұмыс істеп жатыр және 3 желтоқсанда экспедицияны аяқтауы тиіс еді. Бірақ, «Союз МС-10» ғарыш кемесін ұшыру кезіндегі апат салдарынан оның қайту мерзімі кейінге шегерілген болатын.
РФ Орталық әскери округы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Союз МС-09» кемесін қондыруды қамтамасыз ету үшін және ғарышкерлерді қарсы алу үшін ОӘО Іздеу-құтқару тобы ұшып кетті.
«Союз МС-09» кемесін қондыруды қамтамасыз етуге МИ-8 он тікұшағы, Ан-12 екі ұшағы және Ан-26 бір ұшағы, 22 автомобильдік және арнайы техника, жеке құрамның 200 адамы тартылды», - делінген хабарламада.
Автор: Сара Қабиқызы