«Союз МС-09» кемесінің Қазақстан аумағына қонуы трансляцияланып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін бортында экипажы бар «Союз МС-09» басқарылатын көлік кемесінің (БКК) Жерге қону сәті күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 20 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:40-та кеме Халықаралық ғарыш стансасынан ажыратылған.

Кеме бортында  ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, еуропалық астронавт Александер Герст (ESA) пен америкалық астронавт Серена Ауньон-Ченселлор (NASA) бар.

Ұшуды басқару орталығының (ҰБО) баллистикалық-навигациялық қызметінің есебі бойынша, «Союз МС-09» кемесінің түсіріліп отырған аппараты Қазақстан аумағына Астана уақытымен сағат 11:03-те, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жерде қонады.

«Союз МС-09» КБК экипажының Жерге оралуының трансляциясы ол қонғанға дейін бір сағат бұрын басталып, қазіргі уақытта Роскосмостың әлеуметтік желілерінде көрсетіліп жатыр.null 

 «Союз МС-09» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен 2018 жылғы 8 маусым күні түйіскен. ХҒС-та болған кезде экипаж ауқымды зерттеулер бағдарламасын атқарған, атап айтқанда, ашық ғарышқа шығу, жүк кемелерімен жұмыс істеу, ХҒС борт жүйелеріне қызмет көрсету сияқты миссияларды орындады. Сергей Прокопьев ХҒС ресейлік сегментінің ұшу бағдарламасы бойынша ашық ғарыш кеңістігіне екі рет шыққан. null

Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар