«Союз МС» ғарыш кемесі орбитаға шығып, халықаралық ғарыш стансасына бағыт алды

АСТАНА. ҚазАқпарат -"Союз МС" жаңа сериясының бірінші ғарыш кемесі "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыранының үшінші сатысынан бөлініп, халықаралық ғарыш стансасына бағыт алды, деп хабарлады "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

  «Союз МС» ғарыш кемесі орбитаға шығып, халықаралық ғарыш стансасына бағыт алды

 «Ғарыш кемесі тасымалдаушы-зымыраннан ажырап, орбитаға шықты және халықаралық ғарыш стансасына бет алды», - деп мәлім етті Роскосмос.

Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік Анатолий Иванишин, американдық Кэтлин Рубенс және жапондық Такуя Ониси аттанды.

Ғарыш кемесі ХҒС ресейлік сегментіне сенбі күні Мәскеу уақытымен 07:12-де жетеді.