«Союз ТМА-16М» кемесі халықаралық экипажды ғарыш стансасына жеткізді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 01:42 ұшырылған «Союз ТМА-16М» кемесі алты сағаттан кейін Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) жетті.
None
None

Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Союз ТМА-16М» ХҒС ресейлік сегменттің «Поиск» шағын зерттеу модуліне қонды. Бұл үрдіс автоматты режімде Ұшуды басқару мамандарының және ғарыш кемесі экипажының бақылауымен жүзеге асты. ХҒС бортынан мұны Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров қадағалады.

Бұдан соң ХҒС 43/44-экипаж жұмысын бастады. Оның құрамында үш ресейлік ғарышкер Геннадий Падалки, Михаил Корниенко, Антон Шкаплеров, екі америкалық астронавт Терри Верст пен Скотт Келли, сондай-ақ ESA астронавты, италиялық Саманта Кристоферетти бар.

Ұшу бағдарламасына сәйкес, МКС-43/44 экипажы 4 «Прогресс М» көліктік жүк кемесін және НTV-5 «Kounotori» жапониялық жүк кемесін қабылдау, МКС-42/43 экипаж мүшелерін Жерге қайтару, бір жылдық экспедиция барысында тағы екі кеме «Союз ТМА-17М» және «Союз ТМА-18М қабылдап, ресейлік бағдарлама бойынша ашық ғарышқа шығуы тиіс.

Жалпы алғанда бір жылдық ұшу кезінде 72 тәжірибе бойынша 688 сеанс өткізу көзделген, деп атап өтті Роскосмос баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар